Атырауда «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 миллион теңгеге сатылды.

«Ресми атауы «Бейбарыс-Атырау» шайбалы хоккейден облыстық кәсіби спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деп аталатын «Бейбарыс» хоккей клубы кейін сатып алу құқығымен 500 млн теңгеге сенімді басқаруға берілді. Сауда-саттық өткізілді, бастапқы баға 183 млн теңге болды», — деп мәлімдеді облыстық Қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бисембиев.

Енді аты-жөні аталмаған клубтың жаңа иегері оның қызметін жалғастыруға және жұмысшылардың санын қысқартпауға міндеттеледі. Онымен қоса, ол бүгінгі күні 120 жеткіншек жаттығып жүрген балалар секциясын сақтап қалуы тиіс.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here