Шымкент қаласында «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтті. Шарада ең әуелі 50 барабаншы өз өнерлерін көрсетті. Одан кейін 50 күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын»  күйін күмбірлеткен болатын.

Келесі кезекте 500 өнерпаз «Рухани жаңғыру»  флешмобын жасап, көпшілікті тəнті етті. Мұнда ағаштан жасалған бұйымдар көрмеге қойылған. Көрме жанында үйірме топтары «Сарбаздар» және «Бәйге» биі билеп, көрермен ықыласына  бөленді.

Марат Сабыр

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here