Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы жайнап сала берді. Өйткені шаһарда егілген гүлдердің бəрі жапырақ жайды. Мұнан бұрын қала көшелерінің жиегі мен ашық алаңқайларға 1 миллион 300 мың гүл егілген болатын. Олардың арасында қызғалдақ, сарғалдақ, орғалдақ пен өзге де түрлері бар.

Қызғалдақ тұқымдас гүлдерді егу жұмыстары жобасын тек ботаник мамандар атқарған жоқ. Аталған жұмысқа Шымкент қалалық сəулет жəне қала құрылысы бөлімі де атсалысты. Олар гүлдердің түсіне қарай егілу сызбасын жасады. Сол сызбаға орай егілген гүлдер жауқазын ашқанда ұлтық нақыштағы оюлар бейнеленіп шыға келді. Қысқасы, дəл қазір Шымкенттің шырайы кіріп тұр.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here