Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында Еуропалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасын байланыстыратын темір жол салынатын болады.  Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев облыс әкімдігінің отырысында баян етті.

«Қытай мемлекеті «Қарамай-Тачен-Аягөз-Ресей Федерациясы-Еуропалық одақ  мемлекеттері» жалпы бағытындағы Қарамай-Тачен темір жол тармағын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бізге тиесілі Бақты-Аягөз темір жол тармағын салуға қызығушылық білдіруде. Атап өтсек, 253 шақырымды құрайтын бұл темір жол тармағы таулы өлкемен, автомобиль жолының бойымен салынып, Бақты, Таскескен, Мақаншы, Аягөздің үстімен өтетін болады. Бұл бағыттағы сараптау жұмыстары облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатаң бақылауында», — дейді басқарма басшысы.

Елжан Нұрболатов

Шығыс Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here