Ұлттық экономика министрі ЭКСПО көрмесінен кейін барлығы қымбаттайды деген халық уайымына қатысты пікір білдірді. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, алдағы айда азық-түлік керісінше арзандауы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал ел арасындағы әңгіме, жекелеген экономистердің негізсіз болжамы көрінеді. Олар көрме алдында да қонақтар келгенде барлығы қымбаттайды деп қара аспанды төндірген дейді Сүлейменов. Министр ешбір мемлекеттік мекеме дүкендегі бағаларды ұстап тұрумен айналыспайтынын алға тартып, алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.

8 айдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі жеті пайызды құраса, азық-түлік бағасы бойынша дефляция, яғни керісінше 0,9 пайызға төмендеу байқалыпты. Және ішіп-жемнің арзандауы алдағы айда да жалғасады деп сендірді шенеунік.

«Азық-түлік себетін алсақ, керісінше бағаның төмендегенін байқаймыз. Арзандау әлі бір ай жалғасады. Біздің болжам бойынша дефляция қыркүйекте де жүреді. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктердің баяндамаларынан 19 млн тонна астық барын естідік. Нан бағасы үшін алаңдамасаңыздар болады», — дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Айгүл Орынбаева

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here