Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте айтқан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тағы да 23  жобаны пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Атырау облысынан 82 902  адам барған. Оның ішінде мектептер мен колледждердің 13 мың оқушысы және оларды апарған 2 мыңнан астам мұғалім мен медицина қызметкерлері бар. Қазір аймақта жүзеге асып жатқан «Жасыл энергия» технологиясы бойынша жалпы сомасы 140 млрд. теңгенің 5 жобаның бәрі де «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде назарға ұсынылған болатын.

Облыс әкімі сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер бойынша аймақта 1,6 млрд теңгеге 106 жоба жүзеге асырылатынын хабардар етті. Оның 1,088 млрд теңгесі – кәсіпкерлердің демеушілік қаражаты негізінде жүзеге асады.

Белгілі болғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр 675 пәтерлік 13 үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар жалпы ауданы 92,3 мың шаршы метр болатын 1332 пәтерлі 24  несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Атырау облысында 2017 жылы 497,9 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 136,8 пайызға артық.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here