Шарықтаған жанармай бағасы енді арзандамайды. Бензиннің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасаған Энергетика министрлігі баға тек қараша айында төмендеуі мүмкін деп отыр. Онда да болжам ғана. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Қазір халық көп тұтынатын АИ-92, 4 теңгеге қымбаттап, 144 -145 теңгеден сатылып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жанармай құны Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылған соң қымбаттаған. Ондағы жұмыстар тек қыркүйек айының аяғында бітеді екен.

Бірақ, кейін іле-шала Павлодардағы зауыт та жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жұмысын тоқтатпақ. Сондықтан ішкі нарықта қазақстандық бензиннің үлесі азайғандықтан Ресейден сатып алуға тура келеді. Ал, ондағы баға қазір шарықтап тұр.

«Қазір Ресейдің бензинін көптеп әкеліп жатырмыз. Сондықтан кәсіпкерлердің шығыны артқан соң баға өсіп отыр. Бірақ, бұл уақытша жағдай. Өйткені, осы кезде жанармайға сұраныс көп. Кейін баға біртіндеп тұрақталады», — деді ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры Қуаныш Құдайбергенов.

Айгүл Орынбаева

Маңғыстау облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here