Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депуттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беруге байланысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу мәселесін қарастырды. Дереккөз: baq.kz

«Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін бір-біріне 1 гектар көлеміндегі жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Келісім осы мәселенің құқықтық негіздерін айқындайды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді депутат.

Аталған заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

Самал Бақытбекқызы

Алматы қаласы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here