Аптаның алғашқы күні Абай мәдени-демалыс кешенінде Ақтау қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қала және облыс мектептерінің үздік оқушылары, республикалық, облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, өңірдің аз қамтылған отбасылары арасынан 250-ге жуық бала қатысты.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы сөз алып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бағдарлама аясында кішкентай көрермендер шырша жанында көңілді ән айтып, қызықты ойындар ойнады. Сондай-ақ, олар мультфильм және ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, көңіл көтерді. Дәстүрге айналған бұл шараның мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сергіту ғана емес, олардың жетістіктерін елеу болып табылады.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here