ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қазақстанда 2017 жылдың үздік ұлттық жоғарғы оқу орындарының тізімі құрылды. Рейтингте студенттердің үлгерімі, сарапшылардың бағасы және түлектерге жұмыс берген мекемелердің бағалауы назарға алынды. Тізім білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің мәліметтері бойынша құрылған. Бұл туралы Қазақстанның электронды үкімет сайты хабарлады.

Рейтингті жасаушылар жоғары оқу орындарының көпсалалы, техникалық, гуманитарлы-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттарын ескерген. Барлығы 61 ЖОО бақ сынасты. Соңында ұлттық рейтингке олардың 57 енді.

Гуманитарлық-экономикалық салада Қарағанды экономикалық университеті үздік деп танылды. Мұнда үштікке сәйкесінше Алматы менеджмент университеті мен Нархоз университеті енді.
Техникалық мамандарды дайындау бағытында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қазақ-Британ техникалық университетінен соң екінші орынды иеленді. Бұл салада үшінші орында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті тұр.

Медицина Университеттерінің үздіктер тізімінде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университеті тұр. Қазақстанның үздік көпсалалы университеттерінің қатарында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 4-орынды иеленді. Бұл санатта үштікке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумелеев атындағы Евразия ұлттық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті енді.

Ләззат Қожахметова
Қарағанды облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here