ҚАРАҚИЯ МЕН БЕЙНЕУ АУДАНЫ ҰБТ-ДАН ТӨМЕН НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде білім сапасы сөз болды.

Білім деңгейінің қай көрсеткіште тұрғанын биылғы ҰБТ анықтап берді. Облыс бойынша 3600 оқушы емтиханға қатысып, 700-ге жуық талапкер 100 баллдан жоғары жинаған. Дегенмен, 473 емтихан тапсырушы шектік межеден өте алмаған.

Сондай-ақ Қарақия ауданында 4, ал Бейнеуде 6 мектеп тесттен төмен нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты облыс әкімі дереу тексеруді және білім сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Бейнеу ауданы бойынша тексеруді жасаңдар. Тексеру комисиясын құрыңдар. Зейнеп Жұмағалиқызы естіп отырсыз ба? Барып, түбегейлі барлығын тексеріңдер. Әр мектептің, жалпы жұмыстың бағыт-бағдарын толық тексеріңіздер», — деп қатаң талап қойды Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here