Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ш.Есенов атындағы КМТжИУ профессорлары мен оқытушыларына арналған 75 пәтерлік үйдің ашылу рәсіміне қатысып, 10 ұстазға жаңа пәтердің кілтін берді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында педагогтар алдында білім беру мен ғылымды дамыту бойынша нақты міндеттер қойылғаны баршамызға мәлім. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғаш рет облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім — жасыл мекенім» атты жобасын іске қостық. Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулалары көгалдандырылатын болады. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба  меценаттар тарапынан қолдау тапты », — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Елбасы Жолдауындағы  көрсетілген міндеттердің арасында білім саласына арналған бірқатар тапсырма бар. Әрине оның бәрін ұйымдастырып, орындау үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру керек. Жаңа қонысты болған ұстаздарды  министрліктің атынан құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!», — деді құттықтау сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептер 90 пайыз кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың соңына дейін интернетпен қамту мәселесі толықтай шешіледі. Министрлік тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өтіп, жергілікті бюджет қаржысына 300 ауыл мұғалімі ағылшын тілін меңгеруде. Қаңтар айынан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде кәсіпкерлік негіздері  жаңа жобасы  басталды.

Министр Ерлан Сағадиев Маңғыстау облысының жоғары оқу орындарының академиялық кеңестерімен кездесіп, Елбасының «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауын талқылады.

Дереккөз:Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here