Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі «Атырау облыстық әкімдігі қызметтік көліктерге айрықша белгілерді жапсыру акциясын  бастады», — деп хабарлайды.

Айрықша белгілер қалалық, облыстық әкімдіктердің қызметтік көліктеріне жапсырылды. Соның арқасында мемлекеттік қызметшілер мен  жүргізушілердің көлікті жеке мақсаттарына және жұмыстан тыс уақытта пайдаланғандарын анықтауға болады.

«Атырау облыстық әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиаорталықпен» бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктеріне айрықша белгілер жапсыру акциясын бастады. Мұнда Атырау қаласының гербі мен жедел желі телефон нөмірі бейнеленген,  сол арқылы әкімдіктің қызметтік көліктерін жұмыстан тыс мезгілде пайдалану деректері туралы хабарласуға болады», — дейді Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дәурен Бектұрғанов.

Ал,  мемлекеттік көлікті жеке мақсатқа  пайдалану деректеріне куә болған азаматтар  «WhatsApp»  арқылы фото және бейнекөріністер жолдай алады.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here