Өткен жылы пилоттық тәртіпте енгізілген ҚХР азаматтарына арналған 72 сағаттық транзиттік режим Қазақстан экономикасына пайда әкелді. Бұл туралы ҚР туризм саласын дамыту туралы баспасөз мәслиxатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлімдеді. Дереккөз Baq.kz

«Визалық-миграциялық режим саласын дамыту жұмыстары жасалып жатыр. Астана, Алматы арқылы Қытай Халық Республикасы азаматтарына арналған 72 сағаттық транзиттік визасыз режим 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды. ЭКСПО алдында пилоттық режимде енгізілген транзиттік визасыз режим қауіпсіз екенін көрсетті. Үш айдың ішінде Қытайдан елге келген 4 500 туристің әрқайсысы ел экономикасына 250-300 АҚШ долларын қалдырды. Жақын уақытта дәл осындай режим Үндістанға да берілмек», — деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Ол шетелдіктерге 72 сағаттық визаның не үшін берілетінін түсіндірді.

«72 сағаттық виза ол нені білдіреді? Мысалы, сол келген азаматтар осы жерде қалып қоюы мүмкін деген ойлар туады. Транзиттік виза бойынша елге келе жатқан азамат Қазақстанға кіру үшін билетін көрсетеді, екінші Қазақстаннан әрі қарай басқа қалаға (мемлекет) ұшатын билетін көрсетеді. Біз сол кезде ғана оларды Қазақстанға кіргіземіз. Егер ол азаматтың әрі қарай баратын жеріне алған билеті болмаса, біз оны елге кіргізбейміз. Транзит деген соны білдіреді», — деді ол.

Самал Бақытбекқызы

Алматы қаласы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here