Бүгін «Алтын сапа» «Ұлы Дала елі», «Іскер» «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық, өңірлік байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

«Алтын сапаның» үздігі болып «Каскор-Машзауыт» АҚ танылды. Ал, «Қазақстанның үздік тауары» жүлдесі «Zhamal-ai» LTD ЖШС-на бұйырды. Кәсіпкерлер палатасының «Іскер» арнайы сыйлығының иегері «Caspi Bitum» ЖШС ұжымы иеленсе, «Ұлы дала елі» байқауынан «MKS Logistics» жеңіске жетті.

«Каскор-Машзауыт» АҚ директоры Жұмалы Ерғалиев «Адал» қайырымдылық қорының директорына миллион теңге тұратын чек табыстады. Сондай-ақ, сапалы тауар шығарып, елге қызмет көрсетіп жүрген өңірдің бірқатар кәсіпкерлері Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарасаев Нұрбек Қарасайұлының алғыс хатымен марапатталды.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here