ҮШ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АГЛОМАШИНА ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

металлургиялық комбинатында «АселорМиттал Теміртау» күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіруден соң №6 агломерациялық машина іске қосылды. Компания бұл жобаға шамамен 3 млрд. теңге қаржы салды. Жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары өте қысқа мерзімде – 75 тәулік ішінде жасалды. Жұмысқа 400-ден астам адам жұмылдырылған.

Қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарынан соң агрегаттың салыстырмалы өнімділігі 30%-ға ұлғаяды деп хабарлайды «АселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі. Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары экологиялық жағдайға оң әсер етіп, компания қызметкерлерінің еңбек шарттарын жақсартуға септігін тигізеді.

Осымен екінші жыл қатарынан компания агло өндірісті жаңғыртуда. Өткен жылы №7 агломашина күрделі жөндеуден өткен болатын. Келесі жылы №5 агломашинаны жөндеп, жаңарту және барлық агломашиналардың артындағы жентектелу аумағына жаңа газ тазартқыш салу жоспарланып отыр.

«Металлургиялық комбинат жоспарлы түрде өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Агломератшылардың басты мақсаты — көлемі мен өндірістік қуаты ұлғайтылған жаңғыртылған домна пештерімізді агломератпен қамтамасыз ету болып табылады. Компания агломерациялық өндірістегі барлық агломашиналарды қайта жөндеуді жоспарлап отыр. Оларды жаңартуға біз 7 миллиардтан астам қаржы инвестициялаймыз», — дейді «АселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

Ләззат Қожахметова
Қарағанды облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here