ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕР ҚЫЗМЕТІ ӘЛСІЗ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Алдымен Қармақшы және Арал аудандарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есептері тыңдалды.
Нәтижесімен Әдеп жөніндегі кеңес Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі әлі де әлсіз екендігін білдіріп, уәкілдерге бірқатар ұсынымдар енгізді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтық қоғам институттарымен іс-қимыл жоспарын бекіту, Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды.

Сонымен қатар, Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е. Бахтияровтың, Қызылорда қаласы, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Д. Таубайдың тәртіптік істері қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесімен, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Е. Бахтияров пен Д. Таубайдың әрекеттерінде заң бұзушылықтар жоқ деп тауып, оларға қатысты тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Дәурен Таңатаров
Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here