Атырауда жатақханасы бар спорт кешені ашылды. Жаңа ғимаратты спорт шебері Айбар Есенғалиев өз қаражатын салып тұрғызды.

«Самал шағынауданындағы спорт кешенінің құрылысы 2015 жылдың көктемінде басталған болатын. 35 адамға арналған жаттығу залы жұмыс істеп  тұр. Ғимараттың өз асханасы, жуыну бөлмелері және дайындық алаңдары бар. Сонымен қатар, спортшыларға арналған шағын жатақхана да қарастырылған. Қазір барлық жұмыс өз мәресіне жетті. Спорт кешені ел ішінен жаңа есімдерді шығаруға көмектессе, балалардың мықты болып өсуіне септігін тигізсе деген ойым бар», — дейді Айбар Есенғалиев.

Спорт кешеніне ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменовтің есімі берілді. «Туған жер» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған кешенге кез келген тұрғын келіп, спортпен айналыса алады.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here