Бәйдібек ауданында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» атты көркемөнерпаздар фестивалі өтті. Наурыз айында басталған шара кезең-кезеңімен өтіп, соңғы мәресіне жетті. Оған аудандағы барлық мектептегі өнерпаздар қатысты.

Ауданның түкпір-түкпірінен келген құс дауысты әншілер мен нағыз күйшілер және мың бұралған бишілер бар өнерін ортаға салды. Жарысқа қазылық еткен алқа мүшелері жаңа дарын иелерін көріп таңдай қақты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — демекші, аталған фестивальде Шаян ауылы Мұхтар Әуезов атындағы мектептің талантты оқушылары оқ бойы оза шығып, көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.

«Біздің өнерлі оқушылар жыл сайын көркемөнерпаздар фестивалінен бас жүлдені иеленеді. Оған осындағы білікті ұстаздардың сіңірген еңбегі орасан. Енді бас жүлде иемденген оқушыларымыз облыс орталығына барып сынға түспек», — деді  М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Толқын Бейсенова.                                                     

Ернұр Ынтымақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here