2018 ЖЫЛ ЕЛІМІЗДЕ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйек күні Өзбекстанға іссапармен барды. Екі елдің басшысы ақылдаса келе 2018 жылды Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жариялауға шешім қабылдады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса назар аударды.

«Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Өзбекстандағы Қазақстан жылы 2019 жылы аталып өтіледі деп жоспарлануда.

Самал Бақытбекқызы

Алматы қаласы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here