Мәдениет, спорт

Мәдениет, спорт

Маңғыстау облысында сән саласы дамып келеді. Ендеше сән мен сұлулықты тоғыстырған «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі төртінші рет Маңғыстау облысында шымылдығын ашады. Биылғы жылы небәрі бес жас дизайнердің топтамасын тамашалай аламыз. Сәнгерлер «Кербезімнің күймесі – алтын қайық» номинациясы бойынша...
Жуырда «Аялаған Аягөз» халықаралық жастар орталығының ұйымы мен аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «КТА маусымашар кубогі-2018»  арнайы қойылымын өткізді. Ұтқыр әзіл мен ойлы да мағынасы терең күлкілі сын-сықақтар орындалған бұл шара жиылған қауымды риза етті. «Жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, бос...
Сайрам ауданы  Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында кино апталығы басталды. Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.  Игі бастамаға ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау білдіруде. «Оңтүстікфильм» мекемесі...
Кешегі жексенбіде Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен велошеру өтті. Шара  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Велоспорт маусымының ашылуына Ақтау қаласының 300-ге жуық тұрғыны қатысты. 35 шағын...
Түркияның Кастамону қаласында ерекше іс-шара өтуде. Бұл халықаралық жиын Кастамону шаһарының биылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болған жылына орай ұйымдастырылған. Мəдени шараға қатысуға Оңтүстік Қазақстан  облысының бір топ өнер майталмандары аттанған болатын. Жақында дүбірлі думан жалғасы Босния және Герцеговинада да...
Үстіміздегі жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бəйдібек ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай аталған ауданда мерейлі қуанышты атап өту басталып кетті. Өңірден шыққан əнші, термеші Заттыбек Көпбосынұлы аудан əкімдігі ұйымдастырған көкпарға демеушілік жасады. Көкпарда алғашқы бірнеше салымға 100 мың...
Кеше ұлық мереке Амал күніне орай Ақтау қаласында мерекелік концерт өтті. Аталған шараға Абай мәдени-демалыс кешені шығармашылық ұжымдарымен қатар қала өнерпаздары қатысты. Олар мерекеде халық шығармалары мен дәстүрлі әндерден айтып, мың бұрала билеп жұртшылыққа көтіріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт Амал...
Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер биыл бір ай бойы тойлайтын болады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, Наурыз мерекесін қарсы алатын Ақтөбе халқына бір ай бойы түрлі салт-дәстүрлер мен этно-көрмелер ұсынылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында...
Ақтау қаласында өткен «Алатау шыңы» 2-ші Республикалық байқауында «Балалар өнер мектебінің» шəкірттері жүлделі орындарға ие болды. Шара «Жеті өнер» шығармашылық о рталығының ұйымдастыруымен өткен. Байқауға барлығы 200-ден аса өнерпаз қатысты. Байқау нәтижесінде флейта аспабында өнер көрсеткен Қанат Мақсат пен скрипка аспабы...
Кəсіби əскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі ашық газ жəне мұнай атқымаларын жою мен алдын алу бойынша Қазақстандық əскери отряд болып табылады. Маңғыстау облыстық филиалы өңірдегі мұнайгаз өндіру секторындағы 70-ке жуық мекемеге атқыламаға қарсы жəне газ қауіпсіздігі бойынша қызмет көрсетеді. Олар кеше...

Реклама

Соңғы жаңалықтар