100 келіден аспаңдар: Түркіменстан полицейлерге арықтауды міндеттеді

100 келіден аспаңдар: Түркіменстан полицейлерге арықтауды міндеттеді

Түркіменстан ішкі істер министрлігінде қазір аттестация өтіп жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, талаптардың бірі қызметкерлердің салмағына байланысты.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, құқық қорғаушылардың салмағы 100 келіден аспауы тиіс.

"25 желтоқсанға дейін арықтай алмағандар, шеніне қарамай қызметтен кету туралы арыз жазатыны ескертілген", - дейді Азаттық тілшісі.

Қазір жергілікті полиция қызметкерлері арықтау үшін күні-түні дене жаттығуымен шұғылданып жатыр.



Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию