2019 жылы қоғамдық жерде темекі шеккен 4 мың адам айыппұл алды

2019 жылы қоғамдық жерде темекі шеккен 4 мың адам айыппұл алды

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 54 043 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 4039, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында көлік полицейлері "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызында яғни, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен екі ер адамды ұстады.

Тексеру барысында, құқықбұзушылардың 1990 және 1992 жылы туылған Алматы қаласы мен Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу), әрқайсысына 7575 теңге көлемінде 3 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию