80-ге толған полиция ардагері адамдарды қайырымды болуға шақырды

80-ге толған полиция ардагері адамдарды қайырымды болуға шақырды

"Саналы ғұмырын ішкі істер органында қызмет етуге арнаған, елінің ерекше құрметіне ие болған Қапар Жапарғалиев 80 жасқа толды", - деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапар Жапарғалиев 1939 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1961 жылы сол кездегі Андреевка ауданының полиция бөлімшесінде тергеуші болып бастады. Құқық қорғау саласында аттай 20 жыл еңбек еткен ішкі істер органының құрметті ардагері 1985 жылы зейнетке шыққан.

Сексеннің сеңгіріне шыққан милиция капитанының өмірлік ұстанымы – "адамдарға қолдан келгенше көмектесу, қайырымды болу".

- 4 баламнан 12 немере мен 2 шөбере сүйдім. "Әке көрген оқ жонар" демекші, бір ұлым Ауған жеріндегі әскери борышын атқарып келген соң Алматы қаласының полициясында қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының Полиция басқармасында немеремнің тергеуші болып, ата жолын жалғағанын мақтаныш тұтамын", - деп ойымен бөлісті құрметті ардагер.

- 1967 жылы еді, мар ұрлығы ауданда көбейіп кетті. 2 ай бойы қазіргі Алакөл ауданы мен жақын аудандарда іздестіру жұмыстарын жүргіздім. Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 4 адамды ұстадым. Күдіктілердің қорасынан 50 шақты ұрланған жылқыларды тәркіледік", - деді мал ұрлығы туралы айтқан Қапар атамыз.

Аға ұрпақ өкілі жас полицейлермен әңгімелесу барысында өз кезі мен қазіргі тәртіп сақшыларының қызметін салыстырып, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. Қылмыспен күресу кезіндегі айла-тәсілдерімен бөлісті.

 

Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию