Алматыда “Егемен Қазақстан” газетіне мемориал тақта ашылды

Алматыда “Егемен Қазақстан” газетіне мемориал тақта ашылды

Ескерткіш тақтаның ашылуына Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Ол басылымның ғасыр тарихындағы Алматының ролін айтты.

1929 жылы газет ұжымы Қызылордадан біздің қалаға көшіп келді. Сондықтан мемориал тақтаның Алматыда ашылуы – тарихи заңдылық және біздің азаматтық парызымыз, – деді Ержан Бабақұмаров.

Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-ардагер Сарбас Ақтаев, қазақ баспасөзінің ардагері Жақып Мамадияр және жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен танымал журналистер қатысты. Бұған дейін Алматыда “Егемен Қазақстан” газетінің 100 жылдығы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың атына көше беріліп, жазушы Шерхан Мұртаза тұрған үйге мемориал тақта орнатылды.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию