Айгерім Бекетаеваға ТМД-ның жүлдесі бұйырды

Айгерім Бекетаеваға ТМД-ның жүлдесі бұйырды

Қазақстандық балерина, "Астана Операның" жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева ТМД-ның "Дебюттер достастығы" жастар сыйлығының лауреаты атанды. Марапаттау рәсімі бүгін, 9 желтоқсан күні Беларусьтегі Брест академиялық драма театрында өтеді, деп хабарлады zakon.kz.

Сыйлыққа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстаннан 26 номинант ұсынылды.

Шығармашылық жетістіктері өнердің әр саласын дамыту мен дәріптеуде елеулі үлес болған ТМД елдерінің сегіз мәдениет қайраткері халықаралық қазылардың шешімімен сыйлықтың лауреаты атанды.

- Сыйлық ТМД-да Мәдениет жылы деп жарияланған 2018 жылдың қорытындысы бойынша берілді, - дейді "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию