Қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның ең әдемі жерлерін тамашалады

Қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның ең әдемі жерлерін тамашалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін астаналық вокзалға «Туған елге саяхат» Балалар туристік пойызы» жобасының пойызы келіп тоқтайды, деп хабарлады Samruk-KazynaTrust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Нұр-Сұлтан қаласында балаларды турдың салтанатты жабылу рәсімі, жобаның ең белсенді және талантты қатысушыларын сертификаттармен марапаттау және дәстүрлі флешмоб күтеді.

Сондай-ақ, шараның соңында тәрбиешілер мен балалар да өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетеді: флешмоб ұйымдастырады, би және ән шырқайды. Кез-келген қатысушы бұл сапардан алған әсерімен бөлісіп, бұл экскурсиялық турдан жаңа не біліп, үйренгенін айтып бере алады. Концерттен соң ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтарын табыстайтын болады.

Осы жолғы сапардың өзіндік ерекшелігі бар, себебі мұнда Қырғызстан, Ресей және Беларусия сияқты елдерден келген қазақ диаспора өкілдерінің балалары қатысты. 9 күннің ішінде балалар 5 ірі қаланы аралап, әр қаланың тарихын тереңірек танып, жан-жақтан келген балалармен танысты. Сондай-ақ, қалалар арасындағы сапар барысында түрлі үйірмелер мен мастер-класстарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізді.

Жобаның 2019 жылғы маусымының соңғы сапары 1 тамызға жоспарланып отырған үшінші кезең болмақ. Онда тағы 200 бала еліміздің тарихи ескерткіштерін аралап, қалалар бойынша қызықты экскурсияларға қатысып, «релстегі жылжымалы лагерде» өз қатарластарымен ұмытылмас тоғыз күнді бірге өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы» жобасының алғашқы маусымы басталған болатын. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр және балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. 

Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш сияқты қалалар кіреді. Жалпы 2019 жылғы маусымның жоба қатысушылары 600 баланы құрайды: «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан, көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы, «Отандастар қоры» КеАҚ-мен серіктестік негізінде шет мемлекеттерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша анықталған жеңімпаз 50 бала кіреді. 


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию