Қазақстанда педагог даярлайтын ЖОО саны қысқарады

Қазақстанда педагог даярлайтын ЖОО саны қысқарады

Қазақстанда мұғалімдерді даярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

"ҚР Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес Үкімет жанынан жоғары оқу орындарын оңтайландыру комиссиясы құрылды. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптарын да күшейтудеміз. Әсіресе лицензияларында педагогтерді даярлауға арналған қосымшалары бар жоғары оқу орындарына қосымша талаптар дайындауда. Олардың саны - 85. Бүгінде көпбейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардың сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр", - деп жазды А.Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, ЖОО басқа бағыттар бойынша мамандар даярлай береді, ал педагогика бойынша лицензиялары қайтарылып алынуы мүмкін.

"Шамамен алғанда әр аймақта мұғалімдерді даярлайтын 1 мықты ЖОО және Алматыда бірнеше оқу орны болмақ. Нашар сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарылғандардың бәрін қабылдай беру есебінен кейбір жоғары оқу орнына 100 адам түсіп, 800-ге жуық түлек бітіретінін атап өткім келеді. Тағы бір жайт, биыл 37 мың студент таяу шетелдің ЖОО-да бір семестр немесе бір жыл оқыған соң қазақстандық шағын ЖОО-ға ауысып келді. Ақпаратқа сүйенсек, ҰБТ сертификатының талап етілуін айналып өту үшін талапкерлер құжаттарын шетелдік ЖОО жіберіп, бір семестр немесе бір жылдан кейін виртуалды түрде қазақстандық университетке ауысып алатын тенденция да бар", - деді ол.

Сондай-ақ, А.Аймағамбетов төмен нәтижелі ЖОО-ға қатысты қатаң саясат жүргізілетінін айтты.

"20-23 мыңға дейін студент оқитын және олардың көпшілігі, әдетте, сабаққа да бармайтын кейбір өңірлік жекеменшік ЖОО да бар. Сондықтан да министрлік осындай жағдайлар мен жауапкершілігі төмен ЖОО қатысты қатаң саясат жүргізуде. Әлбетте, бұл шаралар барлығына бірдей ұнай бермейтіні анық. Дегенмен, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, министрлік жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету саясатын одан әрі жалғастырады", - дейді министр.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию