Батыр Жүкембаев "Канелоның" бұрынғы қарсыласынан екі бірдей титулды жеңіп алды

Батыр Жүкембаев "Канелоның" бұрынғы қарсыласынан екі бірдей титулды жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, деп хабарлады Vesti.kz. 

Жекпе-жек канадалық Монреальдағы бокс кешінде өтті. Боксшылар WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын сарапқа салған.

Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті: 100:90, 99:91, 99:91. 

28 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ - 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.



Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию