Димаш әлемнің аңыз-әншісімен дуэт құрады

Димаш әлемнің аңыз-әншісімен дуэт құрады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда.

– Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз... "World music award" жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш.

Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.

 


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию