Динара Сәдуақасова шахматты тегін үйрететін онлайн академия ашады

Динара Сәдуақасова шахматты тегін үйрететін онлайн академия ашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова өз әдістемесімен шахмат үйрететін онлайн академия ашады. Онда кез келген адам тіркеліп, шахматтың қыр-сырын тегін үйрене алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақында ғана Азия чемпионы атанған Динара «Шахмат барлығы үшін» жобасымен жұмыс істемек «Жоба арқылы шахмат ойынын Қазақстанда насихаттаймыз деп үміттенемін. Біздің көздеген мақсатымыз - барлық өңірдегі халықтың түрлі тобына шахмат ойынын үйрету. Сондықтан, кез келген адам тегін тікеле алатын шахматтың онлайн-академиясын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда өзім де қатысып, бейнесабақтар жүктеймін», - деді шахматшы тілшілерге берген сұхбатында.

Бұл сабақтар Динара Сәдуақасованың жеке өз әдістемесімен жүргізіледі. 

«Біздің орталықтың бір ерекшелігі - шахмат сабақатрын қазақ тілінде үйренуге болады. Бұл жоба арқылы өзге академиялармен бәсекелескіміз келмейді. Тек шахматқа қызығатындарға үйрену, ойнау мүмкіндігін сыйлағымыз келеді. Онлайн-сабақтар шалғай ауылдағы балаларға немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болмақ», - деді ол. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шахмат барлығы үшін» жобасын құру - гроссмейстердің Қазақстанда шахмат ойындарын дамытуға жасаған үлкен қадамдарының бірі. Шахматтың қолжетімділігін арттыру еліміздегі бәсекеге қабілетті талантты жастар қатарын арттырумен тең. Шахмат - кейде жеңіске жетіп, кейде жеңіліп немесе уақытша мәмілеге қол жеткізуге болатын өмірдің қысқаша бір үлгісі секілді. Әрбір жеңіс пен жеңілістен қорытынды шығара білу - әрбір адамның бойында сәтсіздікті дұрыс қабылдап, болашақ міндеттерді дұрыс құруға көмектеседі. 

Осы мақсатта Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы Қазақстан аумағы бойынша үлкен әлеуметтік жұмыстарды жүргізіп келеді. Шахматшы ару бір мезгілдік ойын сеанстарын, шеберлік сыныптары мен турнирлерді тек елордада ғана емес, Атырау, Атырау, Павлодар, Ақтау, Қызылорда, Шымкент және өзге де өңірлерде өткізді.



Источник: inform.kz

Поделиться:

Назад в категорию