Елбасы: Еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді

Елбасы: Еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді

Елбасы Түркістанда "Алатау медиа-орталығында" болып, БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.

- Шымкент миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Осыған орай біз жеке Түркістан облысын құрдық. Бұл көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша біз үлкен құрылысты бастадық. Мұның бәрі астанамыздың құрылысын еске түсіреді. Енді еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесуінде.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию