Елде көмір тапшылығы жоқ

Елде көмір тапшылығы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет үйінде өткен коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтар үшін көмір тапшылығы жоқ екені мәлім болды. 

Елде көмір тапшылығы жоқ. Көмір жеткілікті. Әкімдіктер штаб құрып жұмысты ерте бастады. Нұр-Сұлтан қаласын алар болсақ I-komek арқылы қай жерде қандай көмір бар, қай маркада, қандай бағада, жеткізу қанша деген ақпараттарды алуға болады. Бұл жұмысты бүкіл әкімдіктер жүргізді. Әкімдіктермен апта сайын селекторлық мәжіліс өткізіп, проблемалар мен шешу жолдары талқыланады. Бүгінде жоспарлы жүрде жүргізіліп жатыр, - деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Саят Исатов.

Ол Ұлттық экономика министрлігі көмір бағасының өсуіне әсер ететін делдалдық тізілімдерді азайту мақсатында жұмыс істейтінін айтты.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа жеткізілетін көмір тауар биржасы арқылы сатылады. Бірінші кезектегі делдалдар 90% бағасын қосады. Осыған байланысты ҰЭМ осы делдалдарды жою, тауар биржасында сауда тетігін жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеп жатыр. Тауар биржасына көмір өндіруші кәсіпорын сатқан кезде ол жақтан көтерме сатушылар алады да, әрі қарай делдалдық тізілімдер кетеді. Сол тізілімдерді қысқарту бойынша тауарлар биржасында белгілі бір талаптар қою үшін екі жылдан бері ҰЭМ жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол.

Осыған дейін көмірдің қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер ететіні туралы жазғанбыз. Елімізде барлығы 89 млн тонна көмір өндірілді.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию