Ержан Максим мен Микелла Абрамова ән жазды

Ержан Максим мен Микелла Абрамова ән жазды

Әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова қазақстандық Ержан Максиммен бірге “Эта любовь” әнін шығарды.

Бұл туралы Микелла Абрамова Instagram-да жазды.

“Алақай! Біздің Ержан Максиммен “Эта любовь” әніне жазылған дуэтіміз ақыры жарық көрді”, – деп жазды ол.

Бұл шығарманы Микелла мен Ержан 2019 жылдың мамырында Қырымда өткен “Детская новая волна” байқауында орындады.

Еске салайық, “Первый канал телеарнасындағы “Голос. Дети” жобасының 6-маусымының қорытындысы үлкен жанжалға айналған еді. Тележобаның финалында әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі көпшіліктің наразылығын туғызды.

Кейін “Первый канал” телеарнасы “Голос. Дети” жобасының 6-маусымы финалының нәтижесін жойды. Тексерудің аралық нәтижесінде дауыс беру кезінде сыртқы әсердің болғаны расталды.

24 маусымда “Голос. Дети” шоуының арнайы шығарылымы болды. “Первый канал” телеарнасының бас директоры Константин Эрнст 6-маусымның барлық финалисін  шоудың жеңімпазы деп атады.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию