Facebook компаниясы логотипін жаңартты

Facebook компаниясы логотипін жаңартты

Facebook компаниясы жаңа логотипін таныстырды. Онда тек бас әріптер мен арнайы әзірленген шрифт қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz Коммерсант-қа сілтеме жасап.

Бұл – қолданушылар жаңа таңбаны әлеуметтік желінің логотипімен шатастырмау үшін жасалуда.

Маркетинг жөніндегі Антонио Лучио мәлімдегендей, адамдар қай компанияның өнімдерін пайдаланып жүргенін білуі тиіс.

- Біз өз брендін сақтап қалатын өнімдерден бөлек жаңа логотип ұсынып отырмыз,- деді ол.

Жаңа логотип Instagram және WhatsApp-та пайда болады. Осылайша, бұл құралдардың қожайыны Facebook екені түсінікті болмақ.

 


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию