Grand Slam жарысына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

Grand Slam жарысына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 - 24 қараша аралығында Жапонияның Оскада қаласында дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, аталған додада ел намысын 10 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Рустам Ибраев (-60 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Жанболат Бақытбергенов (-73 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады, - делінген хабарламада.


Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию