Мен некеден қорқамын – Шакира

Мен некеден қорқамын – Шакира

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбиялық танымал әнші Шакира неліктен "Барселона" футболшысы Жерар Пикемен некеге тұрмағанын айтып берді.

Шынымды айтайын, мен некеге тұрудан қатты қорқамын. Оның (Пике-BAQ.KZ) мені әйел ретінде көргенін қаламаймын. Одан да көңілдесі, қызы ретінде сезінгені дұрыс. Бұл енді кішкене "тыйым салынған жеміс" секілді болады. Оны бабында ұстағым келеді. Жерар барлығы оның әрекетіне байланысты екенін түсінгенін қалаймын, - дейді Шакира 60 minutes бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 32 жастағы футболшы мен 42 жастағы әнші 10 жылдан бері бірге тұрады. Екі ұлдары бар - Милан (2013 ж.) және Саша (2015 ж.).

 

Источник: baq.kz

Поделиться:

Назад в категорию