Президенттікке кандидаттар тікелей эфирде пікір таластырады

Президенттікке кандидаттар тікелей эфирде пікір таластырады

Дәурен Абаев кандидаттардың дебаты болатыны туралы ақпаратты растады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттікке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде болуы мүмкін екенін айтты.

Қазіргі таңда, менің білуімше, теледебаттар болады. Және олар тікелей эфирде болуы мүмкін, – деді Дәурен Абаев Үкімет отырысының кулуарында.

Министрдің айтуынша, онда кандидаттар өзара пікір таластырады. Дәурен Абаев теледебатқа қатысты басқа да мәлімет кейін жарияланатынын айтты.

Еске салайық, 11 мамыр күні сағат 18.00-де Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды. Ол 8 маусым күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады. 8 маусым – тыныштық күні. Бұл күні кез келген үгіт заңсыз болып есептеледі. Президент сайлауы 9 маусым күні сағат 07.00-20.00 аралығында өтеді. Берілген дауыс санын есептеу сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде басталады.


Источник: baribar.kz

Поделиться:

Назад в категорию