Жатақханада төлемақы құны қанша?

Жатақханада төлемақы құны қанша?

Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Студенттердің баспанамен қамтылып, алаңсыз білім алу мәселесін оңтайландыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасын дайындаған болатын.

Бұрын, студенттердің жатақханада тұруының шектеулі төлемақысы олардың шәкіртақысының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде еді. Алайда, құрылыс компанияларының өкілдері шыққан шығынның орынын толдыруды көздейтін бұл көрсеткіші бизнеске де, ЖОО-на да меншік иесі ретінде жатақхананы тиімді басқару мүмкіндігін бермейді деп есептейді. Сол себепті, жатақхана ғимараттарында кәсіпкерлік бағытындағы шарттылықтарды қоса пайдалану жолдары да қарастырыла бастады.

Үшінші бастама жүзеге асырыла бастағаннан бері 5404 орынға 22 нысан іске қосылды. Жаңа жатақханаларда бір ай тұру құны орташа 8,5 мың теңге. Бұл, пәтер жалдап жүрген жастар үшін қол жетімді сомма. Мәселен, ҚазИТУ – 15000, "ДиЛМАШ" ЖСШ – 4000, "RnR Group" ЖШС жатақханасында – 10000 теңге. Жатақханалар тұрмысқа қолайлы, жылы, жарық, тегін Wi-Fi, кітапханалар мен коворкинг орталықтармен жабдықталған.

Айта кетер жайт, орындар көбіне мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түскен студенттерге, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жететін. Алға қойылған меже 2022 жылға дейін кемінде жатақханаларда 75 мың жаңа орынды енгізу, түйіткілді мәселенің шешімін тарқатып, заманауи жатақханада тұруға ниет танытқан барлық санаттағы студент жастардың тұрғын жайын шешеді деген сенім мол.


Источник: zakon.kz

Поделиться:

Назад в категорию