Не хабар - жаңа жобасы жаңа жылда) Оз ойларыңызбен қазақша бөлісіңіз.

          Не хабар, достар?.. Жаңа жылға 7-8 сағат қалғанда осы мақаланы бірінші болып осы ресурста жазып отырмын. Идея бір-екі ай бұрын келген болатын. Мақсатым қазақ тілінде оқырмандармен ой бөлісуге болатын отандық ресур жасау болды. Программа жасау саласындағы 7-8 жылдық тәжірибемнің арқасында жобаны 2-3 аптада іске қостым. Жоба әзірге мінсіз емес, десекте ешнарсеге қарамастан іске қостым.

          Ары қарай не болады? Жобаны мақаламен толтыруға кірісемін. Бұл үшін кез келген адам өз үлесін қоса алады. Ойларыңызбен бөлісіңіз, жазыңыз, шимайлаңыз, ойларыңызды ішіңізде қалдырмаңыз) Жарайды, бастаған іске тоқтау жоқ болсын!

           2022 жылдан барлықтарыңыз сияқты тек жақсылықтар күтемін. Өткен жылға еш өкпем жоқ. Кей нарселер ойдағыдай болды, кей нәрселерден кеш қалдық. Кейбір шаруаларды ойдағыдай атқардық, ал кейбіреулерін қателікпен қоштадық. Қалай болғанда да келер жылға мотивация жеткілікті. Жақсы адамдармен таныстық, жамандары ұмытпастай тәжірибе қалдырды.

            2-3 жылдай жасаған Jusan магазиндегі шаруам кәсіби табысын берді. Бағдарламашыдан team lead-ке (команда басшысы) дейін көтерілдім. Jusan магазиндегі тәжірибеммен бөлек мақалада бөлісімін.

            1 жылдан аса уақыт Dariya қосымшасын жасап келеміз. Жобаның арқасында 10 мыңдаған адам қазақ тілінде электронды және аудио кітаптар мен видео контентке қолдары жетті. Менен басқа Асқаров Бақытжан, Қауымбаев Ғазизбек осы жобаға үлкен үлес қосты. Жоба басшылары мен демеушілердің үлесі өте көп. 

            Рухани байлықтан да кеш қалмадық. Осы жылы 5-6 кітап оқып қана үлгердім. Ең ұнаған 2-3 кітапты сіздерге де ұсынамын.

  1. Дж. Розенберг, Э. Шмидт Как работает Google
  2. Тарасова А Сам себе финансист: Как тратить с умом и копить правильно
  3. Бакман Ф Вторая жизнь Уве

            Жаңа жыл әрдайым адамдарға ерекше көңіл күй сыйлайды. 31 - нен 1-не қараған түн барлық адамдардың жүрегінен үміт, ойларында шабыт болып қала береді. Адамдар ескі жылда барлық  проблемаларын қалдырып, жаңа жылда жаңа белестерге ұмтылады. Мұның барлығы керек нәрсе. Үмітсіз шайтан. Бала күнімізде жаңа жыл қызық, қазір қызық емес деп жатамыз. Оның себебі балалық шағымызда үлкендер жаңа жылды сезінуге жағдай жасады. Есейген шағымызда өзімізге де сондай жағдай жасаудан қашпайық. 

           Барлықтарымыңызды жаңа жылдарыңызбен құтықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, шаруаларыңызға табыс тілеймін! Пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Өмірәлі Сенгірбай
4 апта бұрын
1
Аутентификация қажет

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керек.

Кіру
  • Dias Avatar
    Dias
    4 апта бұрын

    Поздравляю автора и параленьно своего друга с достижениями!

    Желаю и дальше хорошего развития портала, много интересных статей, прибавление большой аудитории людей заинтересованных и активных, в общем всего самого наилучшего и с наступающим 2022-м годом! 🎄🎉🎊


Не хабар, достар?.. Оз ойларыңызбен қазақша бөлісіңіз. Жазыңыз, оқыңыз, пікір қалдырыңыз!